Депутат: «Қызметтегі туыстары Елбасының еңбегін жоққа шығарды» (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Тоқаевтың 16 наурыз күнгі Жолдауында айтылған мәселелерге қатысты өз пікірін білдірді. Ол Президенттің әр шешімінің астарында не жасырынып жатқанын айтты. Бұл туралы Саиров Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің жақын туыстарына биліктегі лауазымдарға тағайындалуына тыйым салды. Бұл бұрынғы басшыға жасалған ескерту ме? - деген сауалға депутат өз жауабын берді. 

– «Ол – ескерту емес, нақты факт. Көбінің ызасын туғызатын нәрсе, сол кісінің (авт. – Нұрсұлтан Назарбаев) туыстары көбейіп кетті. Квазимемлекеттік секторда, мемлекеттік жүйеде болсын... Осы факт ол кісінің көптеген еңбектерін жоққа шығаруға алып келді», –  дейді Саиров.

Депутаттың айтуынша, осы жылдар ішінде Елбасының сіңірген еңбегі баршылық.

- «Бірінші президенттің халықтың алдында еңбегі бар. Ол шекараны шегендеп берді, бүгінгі таңда астанамыз бар. Қазақстанның алғашқы жылдарында экономиканы қалыптастыруға да септігі тиді. Одан кейін өздеріңіз де біліп отырсыздар, оны бүкіл халық айтады, жасыратын түгі де жоқ. Осындай субъективті факторлардың болмауы үшін бұл нақты қадам», – дейді Саиров.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61