Bugin
Бразилия президенті Жаир Болсонару Ресей басшысы Владимир Путиннен атом суасты қайығын жасау жобасына қатысуды сұрады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Folha de S.Paulo сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Болсонару ақпанда осындай мәлімдеме жасаған болатын. Саясаткер бұл қадамға АҚШ жобаны жүзеге асыруға көмектесуден бас тартқаннан кейін барғаны белгілі болды.
- «Президент Жаир Болсонару АҚШ-тың Бразилияға атом суасты қайығы жобасына көмектесуінен бас тартуына байланысты Владимир Путиннің қолдауына жүгінуіне мәжбүр болды», - деп жазылған басылым мәліметінде.
Сонымен қатар, басылым мәліметінше, осы жерде туындайтын мәселелердің бірі атом суасты қайығында қолданылуы тиіс отынның сертификатталуына қатысты болып отыр.
Ал тау-кен және энергетика министрі, адмирал Бенту Альбукерке Ресейдің мемлекеттік атом энергетика компаниясы "Росатпен" арада оның "Ангра-3" АЭС-ке қатысуы туралы сөйлескенін растады.
"Ангра" АЭС үшінші энергоблогы 1984 жылы салына бастады, алайда екі жылдан кейін жоба тоқтатылды. 2008 жылы Бразилия билігі АЭС құрылысын қайта бастағанын мәлімдеді.