Bugin
Украина қорғаныс министрі Алексей Резников Еуроодақ Ресей президенті Владимир Путинді әскери қылмыскер деп тануы керек деп мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
- «Мен барлық еуропалық парламентарийлерді Путинді әскери қылмыскер деп тануға шақырамын», - деді Резников бейнебайланыс арқылы.
Министр Ресей әскерінің қылмыстық әрекеті ретінде мыңнан астам әйелдер мен балалар жасырынып жатқан Мариупольдегі драма театрына жасаған әуе шабуылын келтірді.
Еске сала кетейік, АҚШ сенаты Ресей президенті Владимир Путинді әскери қылмыскер деп айыптайтын қарарды бірауыздан қабылдады. АҚШ президенті Джо Байден көпшілік алдында Путинді әскери қылмыскер деп атады.