Ауруханада 6 ай бойы жалғыз жатқан 2 жасар бала әкесіне қайтарылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қорғаншылық және қамқоршылық органдары Алматы ауруханаларының бірінде 5 ай бойы ата-анасының қарауынсыз жатқан бүлдіршінді әкесіне қайтару туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

– «ДНК тесті 37 жастағы Мейірбек Тілепбаевтың 2 жасар Тәңірбергеннің әкесі екенін растады. Сот отырысы өтті. Енді ер адам туу туралы куәлігін рәсімдеген соң баланы әкесіне береміз», – деді қалалық Білім басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Жанна Тасырова.

Бұған дейін хабарланғандай, 2 жасар бала өткен жылдың қыркүйегінен бастап осы жылдың ақпан айының басына дейін Алматы қаласындағы ауруханалардың бірінде болған. Кейін бұл жағдай әлеуметтік желілерде хабарланды және ол қоғамдық резонанс тудырды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61