Bugin

Қайрат Боранбаев 2 айға қамалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сот Қайрат Боранбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстауға санкция берді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Қаржылық мониторинг агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Күдікке ілінген Қайрат Боранбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. 17 наурызда сот оның екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеу әлі жүріп жатыр.

"Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша, тергеу мүдесіне орай басқа ақпараттарды жариялауға болмайды", - деп жазылған агенттіктің мәліметінде.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61