Bugin

Тоқаев Украинадағы азаматтарды елге қайтаруға атсалысқан адамдарды марапаттады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарды марапаттады. Бұл жайлы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Калетаев Дархан Аманұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

І дәрежелі «Айбын» орденімен

Қызыр Думан Манарбекұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі;

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен

Қаражанова Макка Сағынғалиқызы – Харьков қаласындағы қазақ диаспорасының жетекшісі, Украина

Маслюк Галина Дмитриевна – Қазақстан Республикасының Львов қаласындағы құрметті консулы, Украина;

«Құрмет» орденімен

Әлібеков Аслан Аманжолұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі (консулдың міндетін атқарған);

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Жаманқұлов Рүстем Тұңғышбайұлы – Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі

Кагенов Азамат Мағжанұлы – Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің атташе – консулы

Маманов Дархан Серікұлы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің екінші хатшысы – консулы

Сәбитұлы Бекзат – Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы  – консулы;

«Шапағат» медалімен

Амангелдин Руслан Берекеұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары

Денисенко Анна Владимировна – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі консулының көмекшісі

Қаржаубаев Азамат Құдайбергенұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің екінші хатшысы

Тұяқбаев Шыңғыс Ермекұлы – Қазақстан Республикасындағы волонтерлік корпустың жетекшісі.

Айта кетейік, Қазақстанның Украинадағы елшілігі мен ҚР СІМ сол елде қалған ел азаматтарын эвакуациялауды дер кезінде ұйымдастырып, елге 580 азамат оралған еді.