OrdaGen
2021-2022 – Қазақстандағы «Балалар әдебиеті» жылы. Бұл қазіргі жас ұрпаққа бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру дегенді білдіреді. Дегенмен бұл бағдарлама аясында болмаса да, өздерінің күшімен, ұлттық құндылыққа деген сүйіспеншілікпен 2020 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан нарығына жаңадан қосылған жоба бар. Бұл Отандық жоба – ORDAGEN.
Шағын офис ішінде отырған жігіттердің идеясы қазір республикалық деңгейде үлкен жобаға айналды. Басты мақсат – орда бұзатын ұрпақтың санасына сәуле бола алатын контент ұсыну. Бүгін ORDAGEN компаниясы жылдар бойы жасаған еңбектерінің жемісін көріп отыр. Енді ORDA ертегілерін Қазақстанның барлық қаласындағы кітап дүкендер желісінен табуға болады.
Екі жыл ішінде заман талабына сай, қазіргі қазақ балаларына керек жаңаша бағыттағы ертегілерді ұсына білген ORDAGEN компаниясы ORDA ертегілері деген атпен танымал бола бастады. Атап айтқанда, кішкентай бүлдіршіндерден бастап, балаларға арналған 11 кітап нарыққа енсе, тағы 14 кітап баспада кезек күтіп жатыр. Ең көп оқылған, ең көп сатылған, авторлық бағытта, арнайы дизайнерлер мен авторлардың күшімен дүниеге келген «Берке Аю және кәсіп» ертегісі. Ертегі қазіргі заман тіліне сай, барынша қарапайым түрде қазақша жазылған, кәсіп саласын дәріптейтін ерекшелігімен алға шықты. Бұдан кейінгі орында «ORDA ертегілері» деп аталатын жинақ. Жинақ ішінде түрлі жанрдағы авторлық ертегілер мен фантастикалық туындылар кірген.
Қазірдің өзінде ORDA ертегілерін: KITAPAL, FLIP.KZ, QAZYNA, Алматыкітап, Книжный город секілді республикалық деңгейдегі кітап дүкендерінің сөресінен табуға болады. Бұдан бөлек ертегілердегі құндылықты дәріптеуге бизнес саласы да өз үлесін қосты. Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда да отырып Орда ертегілерін оқуға болады. Сонымен қатар, Атамұра, Мектеп секілді баспалардан да ORDAGEN өнімдерін көруге болады.
ORDAGEN – Отандық жоба
Компания сырттан құндылық іздеп, сырттан мәтін ұрлап, сырт елден алынған өнімді ұсынбайды. Мұнда барлығы Отандық авторлардың туындылары. Әр сурет, әр дизайнның артында күні-түні көз майын тауысып, білім мен тәжірибесін пайдаланған қазақтың қыз-жігіттерінің маңдай тері жатыр.
ХХІ ғасыр ғылым мен техникаға бет бұрған тұста, ORDAGEN де қалыс қалған жоқ. Өздерінің төл өнімдерін тек кітап күйінде қалдырмады. Компания ата-аналар мен балаларға барынша ыңғайлы болу үшін QR код арқылы ертегінің аудио нұсқасын тыңдауға болатын мобильді нұсқасын да жасап шықты.
Бала өзі таңдасын: кітап әлде мобильді нұсқа?
Ертең отыз жасында қазақтың әр баласы ұлтын сүйген, орда бұзатын азаматқа айналу үшін ORDA ертегілерін оқытуды BUGINNEN BASTA!