Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБеларусь президенті Александр Лукашенко жапон телеарнасына сұхбат беріп, Украина президенті В.Зеленскийге ескерту айтты. Егер ескертуді орындамаса, Украинаның түбіне жетеді деді. Бұл жайлы Белта АА жазды.
Оның айтуынша, РФ президенті В.Путин Украина президенті В.Зеленскийге соғысты бейбіт аяқтаудың жап-жақсы, тиімді ұсынысын айтып отырған көрінеді.
"Путин Зеленскийге өте жақсы ұсыныс жасап, келісімге келудің тиімді жолын ұсынып отыр. Оған күмәнім жоқ. Зеленский ақылға келіп, Путинмен келіссе, соғыс бейбіт аяқталады. Оған сөз берем. Зеленскийдің келісім келуіне әлі де кеш емес", - деді Белбасы жапон арнасына.
Лукашенко бұл соғыста кімнің жеңетінін біліп отыр.
"Ресей бұл соғыста бәрібір жеңіп шығады. Оған 100 пайыз сенімдімін. Егер Зеленский қазір келісімге келмей қырсыға берсе, ақыр соңында капитуляцияға түсіп, қаруын тастап, жеңілгенін мойындауына тура келеді. Ондай масқара ешкімге де керек емес. Ал жеңген тарап не істесе де өз еркі. Ондайды жапондар жақсы білесіңдер...", - деп сөзін түйіндеді Беларусь басшысы.
Сондай-ақ сөз барысында Лукашенко бұл соғысқа араласпайтынын кесіп айтты.
"Батыс бізді арандатып, соғысқа араласқан ел етіп көрсетуге тырысып бағуда. Бірден айтайын, мұнысынан дәнеме шықпайды. Біз бұл кикілжіңге араласпаймыз", - дейді Лукашенко.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61