Қоғам
Рудный тұрғыны төрт жастағы баланы анасымен бірге өртеп жіберді. Оқиға туралы көршілерінің бірі айтып берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Астана» арнасына сілтеме жасап.
Бүлдіршін ауыр халде жатыр. Күдікті қамауға алынды. Кісі өлтіруге оқталған көрші енді 20 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Жантүршігерлік оқиға кеншілер қаласының іргесіндегі станцияда болған. Көршілер жанжалдасып, 44 жастағы тұрғын келіншекке керосин шашып, шырпы тұтатқан. Көршінің кесірінен 4 жастағы бүлдіршін зардап шекті. Оның денесінің 45 пайызын күйік шалған. Әлия
«Неге екенін білмеймін. Мен есікті ашқан жоқпын. Сосын жаман иіс болды. Керосиннің иісі ме бірдеңенің иісі. Кішкентай бала да бақырып жылады. Жапа шеккен жас келіншек бізге есікті ашпады», – дейді көршілерінің бірі Әлия Сисенова.
Айтқанынан түсінгеніміз күдіктінің аузы арақтан құрғамайды. Қатты мас болғанда ешкімге бағынбай кетеді екен.
Оның қос білегін күйік шалған, алғашқы медициналық көмектен соң үйіне босатылыпты.
«Зардап шеккен бала санавиациямен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Ауыр халде жатыр. Қатігездік танытқан 44 жастағы қала тұрғыны болса қамауға алынды. Тергеу мүддесіне байланысты полицейлер мән-жайды ашып айтпады», – дейді облыстық аурухананың баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Еске салсақ, осыған дейін Рудный тұрғыны төрт жасар баланы анасымен бірге өртеп жібергені туралы жазған болатынбыз.