Әлем

Австралия, Жапония, Нидерланды Ресейге қарсы санкция салды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинадағы соғысқа байланысты бірден үш ел Ресейге қарсы жаңа санкциялар ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Австралия Ресейдің 11 банкіне қарсы санкция салды. Ресейдің Ұлттық әл-ауқат қоры мен Қаржы министрлігі де санкцияға ұшырады.

Ал Жапония 15 жеке тұлға мен 9 компанияға санкция салды. Тізімде Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова, елдің қорғаныс министрінің сегіз орынбасары, ресейлік «Рособоронэкспорт», Біріккен авиациялық корпорация және т.б. бар.

Сонымен қатар Нидерланды билігі Ресейдің 200 миллион еуродан астам активтерін бұғаттады.