Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЕкібастұздағы мектептердің бірінде 7-сынып оқушысы соққыға жығылған еді. Бұл оқиғадан кейін мектеп басшысы мен тағы 4 мұғалім жазаға тартылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Екібастұзда мектеп оқушысы соққыға жығылған соң басталған тексерістің аралық нәтижесі белгілі болды. Қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Динара Ахметаваның сөзінше, мектеп директорының міндетін атқарушы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, кезекші әкімші мен жанжалға қатысқан мектеп оқушыларының сынып жетекшілеріне сөгіс жарияланған. Әзірге жанжалға не себеп болғаны анықталып жатыр.
«Оқушыны соққыға жыққан екінші оқушы қауіп-қатер тобына есепке алынды. Тергеу жүріп жатқандықтан өзге шара қабылдай алмаймыз», - деді Ахметова.
Сондай-ақ білім беру мекемесінде әлі де қызметтік тексеріс жалғасып жатыр. Павлодар облысы білім бөлімінің басшысы Дінислам Болатханұлының айтуынша, жақында Білім басқармасынан Екібастұзға комиссия жіберілген.
«Өте сорақы жағдай, мұндайға жол беруге болмайды, оның үстіне мектеп қабырғасында болған. 15 наурызда ата-аналардың шақыртуымен кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссия барды. Жан-жақты тексеріс жүріп жатыр. Бұл жағдайды жайдан-жай қалдырмаймыз, әрине, қызметтік тексерістен соң нақты шешімдер қабылданады. Оқушылар мектеп қабырғасында қауіпсіздікте болулары керек», - деді Білім бөлімінің басшысы брифинг барысында.
Қазір зардап шеккен бала үй жағдайында емделіп жатыр.
«Жарақаттың кері әсері болмау үшін толық ем қабылдаудамыз. Баламның сөзінше, сол күні басқа сыныптың оқушысы әжетханада киліккен. Футбол алаңында барлық балалар менің ұлымның төбелескісі келмегенін көрген, өйткені солай тәрбиеленген. Бас жарақатынан кейін алаңда не болғанын толық білмейді. Қазір барлығы шу шығарды деп мені кінәлауда. Әйткенмен мен деректерге сүйеніп айтып отырмын», - деді зардап шеккен баланың анасы.
Айта кетейік, бұған дейін Екібастұздағы №6 мектеп-лицейі аумағында 7-сынып оқушысының соққыға жығылғаны туралы хабарлаған едік. Баланы футбол алаңында басқа сынып оқушысы ұрып тастаған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61