Қоғам

Қарағандылық 5 жыл бойы зейнеткердің ақшасын ұрлап келген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағанды ​​облысының ауыл тұрғыны зейнеткердің банк картасынан 5 жыл бойы ақша ұрлап келген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

14 наурыз күні Қарағанды ​​облысы Осакаров ауданының полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 71 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол зейнетақы алатын банк картасын ұрлатып алған болып шықты.

Ал полицейлердің айтуынша, олар ұрлыққа 65 жастағы ауыл тұрғынының қатысы барын анықтаған. Зейнеткер жалғыз тұрады. Мүгедек болғандықтан, күдікті оған көмектесемін деп сендірген.

«Бұл ретте ол зейнеткердің банк картасын алып, 2017 жылдан 2021 жылдың желтоқсанына дейін барлық кіріс қаражатын алып, өз мақсатына пайдаланған. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің зейнеткерге келтірген шығын көлемін анықтап жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61