Bugin

Атырауда 100-ден аса қытай азаматы ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырауда заңсыз жұмыс істеген 120 қытай азаматы ұсталды.

Олар қытайлық компанияда полициядан тығылып жұмыс істеген. Бұл жайлы Экспресс К хабарлады.

Қытайлықтар елімізге визамен келген. Алайда құжаттарының мерзімі өтіп кетсе де, құқық қорғау органдарының көзіне түспей, жұмыс істеп жүре берген.

"Анықталған 120 Қытай азаматының ісі сотқа жіберілді. Олар "Мигрант" арнайы іс-шарасы кезінде ұсталды", - дейді облыстық ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.

Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктерді өз елдеріне депортациялау заңмен қарастырылған.