Bugin

Зеленский соғыстың қашан аяқталатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский Американың NBC арнасына берген сұхбатында АҚШ президенті Джо Байденнің үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына қатысты күдігіне пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

 

Арна жүргізушісінің: «Джо Байден үшінші дүниежүзілік соғысқа алып баруы мүмкін арандатулардан қорқатынын ашық айтты. Оның қорқынышымен келісесіз бе?» - деген сауалына Украина президенті өз жауабын берді. 

- «Ешкім білмейді, ол басталып та кеткен шығар. Егер Украина құласа, ол соғыстың болу ықтималдығы қандай? Айту қиын. Соғыс пен басқа да трагедиялардың қашан басталып, қашан аяқталатынын ешкім айта алмайды. Ал қазіргі жағдайда бүкіл адамзаттың тағдыры сарапқа салынуда», - деді Зеленский.