Bugin

Huawei компаниясы Наурыз мерекесінен кейін P50 Pro флагмандық камералы телефонын ұсынады 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Huawei Қазақстандағы танымал P50 Pro смартфонының жақын арада сатылымының басталатынын хабарлайды. Жаңа өнім сатылымға 2022 жылдың 1 сәуірінде шығады. 

P сериясындағы флагмандық смартфондары әрқашан сапа, стиль және фотосуреттің жоғары дәрежесін сақтайды. Әрбір өнім мобильді бейнелеудегі инновацияның шыңын білдіреді. HUAWEI P50 Pro фотосурет пен дизайндағы үлгі мен функцияны тамаша үйлестіретін серияның керемет шеберлігін қабылдап алған. 

Қазақстан мен Орталық Азиядағы Huawei Device директоры Фань Цзиньюн: 

«Көктемнің ең керемет мерекесі Наурыз мейрамынан кейін біз қазақстандықтарға шын мәнінде ерекше өнімді ұсынатын боламыз. Бұл көптен күткен жаңалығымыз – камерасы аты аңызға айналған Leica брендімен бірлесіп жасалған P50 Pro смартфоны.  

Жаңа гаджет 2021 жылы камералардың сапасын өлшеуге маманданған DXOMARK IMAGE LABS әйгілі француз компаниясының нұсқасы бойынша ең жақсы камералары бар үздік смартфондар арасында 1-ші орынды иеленді. Қазақстан халқы да жаңа смартфонды жоғары бағалайды деп сенемін. Наурыз мерекесі құтты баршамызға құтты болсын! Бақыт, береке, бірлік тілейміз!» 

Керемет жеңілдіктің эстетикасы 

HUAWEI P50 Pro жұқа, жеңіл және ыңғайлы, сондай-ақ, үлкен қисайған дисплеймен және ұзақ батареяның қызмет ету мерзімімен ерекшеленеді. Таза дизайнның арқасында телефон шын мәнінде қарағанда жеңілірек болып көрінеді және қолда ұстауға ыңғайлырақ. 

Қисайған экран және жұқа тұнық қабықшасы бар керемет артқы қақпақ өзара үйлесіп, жарықты сындыратын және таң қалдыратын жарқырауды тудырады. Cocoa Gold нұсқасында Huawei классикалық көрініс үшін күңгірт жабынды қосты. Сондай-ақ, бұл модель күңгірт бөлшектерді өзгертеді, беткі жағын бітімге толтырып, құрылғыларды пайдалану кезінде жағымды ғана емес, сонымен қатар саусақ ізіне төзімді етеді. 

Камераның қайта жандануы 

Huawei әрқашан өз класындағы ең жақсы камера технологиясы мен кескін сапасын жасауға ұмтылfды. P50 Pro True-Chroma Shot арқылы ерекшеленетін жетілдірілген кәсіби камера тәжірибесін, ультра жоғары ажыратымдылықтағы кескін сапасын және смартфондардың супер HDR режимінде түсіру мүмкіндігін ұсынады. 

HUAWEI P50 Pro негізгі камера мен SuperZoom модулінен тұратын авангардты қос матрицалық камерамен жабдықталған. Олар бір-бірін толықтырып, мобильді визуализацияны келесі деңгейге шығарады. 

Физика ғылымына қарсы тұратын HUAWEI XD Optics оптикалық дизайннан асып түсетін және пайдаланушылардың жоғары бағасына алуға лайық кадрларды жасау үшін шығармашылық қабілеттерін пайдалануға көмектесетін революциялық технология. 

HUAWEI P50 Pro аз жарықта түсіру және масштабтау сияқты HUAWEI P сериясы танымал салаларда жоғары жетістіктерге жетумен қатар, HUAWEI P50 Pro пайдаланушыларға айналадағы көріністі суреттерден көруге мүмкіндік беретін True-Chroma Shot ұсынады. Қоршаған ортаның жарығын 50% жақсырақ ажырату қабілеті және 20% жоғары орташа түс дәлдігі бар құрылғы саладағы ең жақсы түс өнімділігіне ие. 

P3 толық түсті гаммасын қолдайтын HDR дисплейі бар HUAWEI P50 Pro бейне ойын-сауық құру мен ойын ойнау үшін мол тәжірибе береді. 120 Гц жоғары жаңарту жиілігі тегіс дисплейді қамтамасыз етеді, ал 300 Гц сенсорлық таңдау жылдамдығы дисплейге жылдамырақ жауап береді. 

Құрылғының жалпы сипаттамалары: 6,6 дюймдік дисплей, қалыңдығы 8,5 мм, батареясы 4360 мАч, салмағы шамамен 195 г. Сонымен қатар, HUAWEI P50 Pro IP68 рейтингіне ие, бұл оның шаң мен судан дұрыс қорғалғанын білдіреді. 

Еске салайық, Huawei жақында қазақстандық нарыққа флагмандық камерасы бар тағы бір жоғары технологиялы, nova 9 смартфонын шығарған болатын. Жаңа смарфтон Қазақстанда 2022 жылдың 25 ақпанында бастап 279 990 теңге бағасымен сатылымға шықты. 

HUAWEI Consumer Business Group туралы: 

HUAWEI өнімдері мен қызметтері 170-тен астам елде қолжетімді, ғаламшардың үштен бір халқы пайдаланады. Компания АҚШ, Германия, Швеция, Ресей, Үндістан және Қытай сияқты мемлекеттерде 14 ғылыми-зерттеу орталығын ашты. HUAWEI Consumer BG — смартфондарды, ноутбуктар мен планшеттерді, тасымалдайтын электрониканы, мобильді кеңжолақты кіру құрылғыларын, үйге арналған шешімдерді, сондай-ақ бұлттағы қызметтерді әзірлеумен және өндірумен айналысатын HUAWEI компаниясының үш бизнес бөлімшелерінің бірі болып табылады.  HUAWEI ғаламдық желісінің артықшылықтары, дүние жүзіндегі операциялық қызметтерінің көлемі және дамыған серіктестік желісі телекоммуникация саласындағы 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесінің негізінде құрылған.