Bugin
АҚШ президенті Путинді «әскери қылмыскер» деп атаған еді. Бүгін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Джо Байденнің сөзінежауап берді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Рамзан Қадыровтың Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қадыров Байденді адамзатқа көп зұлымдық жасады деп айыптады.
- «Америка президенті адамзатқа көп зұлымдық жасады. Оның іс жүзінде кез келген әрекеті оны ең ауыр сотқа жеткізуге жеткілікті» - деді ол.
Шешенстан басшысы 1999 жылы Байденнің бастамасымен Белградты бомбалау басталғанын, кейін сенатор қызметін атқара жүріп, АҚШ әскерінің Иракқа басып кіру қажеттігін алға тартқанын еске салды. Қадыров Байденнің бұйрығымен Украина қарулы күштері алатын американдық қару-жарақ Украина қалаларын атқылап жатқанын айтты.