БҰҰ Украинада соғыс салдарынан қанша тұрғын қаза болғанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бірікке Ұлттар ұйымы Украинада соғыс басталғалы 700-ден астам бейбіт тұрғын, оның ішінде 52 бала қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Олардың айтуынша, бұл тек ресми деректер. Құрбандардың нақты саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Дүниежүзілік ұйым сондай-ақ Украинадағы медицина қызметкерлерінің өліміне әкелген денсаулық сақтау нысандарына жасалған 43 шабуылдың болғанын растады. 

- «24 ақпан мен 15 наурыз аралығында адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссардың кеңсесі 1900 бейбіт тұрғынның қазасын тіркеді. 726 адам қаза тауып, 1174 адам жарақат алған. Олардың көпшілігі елді мекендерде жарылыс радиуысы үлкен бомбаларды қолдану салдарының құрбаны болған. Жүздеген үйлер, ауруханалар зақымдалып, мектептер қираған үйіндеге айналған», - деп қосты БҰҰ бас хатшысының орынбасары Розмари Дикарло.

ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус кез келген қақтығыс жағдайында медициналық мекемелерге жасалған шабуыл халықаралық гуманитарлық құқықты бұзу болып табылатынын баса айтты.

- «ДДСҰ медициналық мекемелерге жасалған 43 шабуылды растады, соның салдарынан 12 адам қаза тауып, 34 адам жарақат алған және оның ішінде медицина қызметкерлері де бар. Бұл барлық құқықтардың бұзылғанының белгісі. Олар адамдарға шұғыл көмек көрсетуді бөгейді және шамадан тыс жүктелген денсаулық сақтау жүйесін бұзады», - деп түсіндірді Гебрейесус.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61