Bugin
2015 жылы өмірден өткен Дариға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевтің Австрия астанасында жерленген жері анықталды. Бұл туралы Bugin.kz порталы «Чиновник» Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
– «Ол 2015 жылы 15 наурызда Австрия астанасы Вена қаласының орталық зиратында жерленген», – делінген жазбада.
Рахат Алиев 2007 жылы ақпанда Австралиядағы ҚР-ның елшісі болып тағайындалған еді. Алайда сол жылы мамырда экс-президент Н.Назарбаевтың бұйрығымен бұл қызметтен босады.
Әрі сол уақытта Рахат Әлиевке халықаралық іздеу жарияланды. Бас прокуратура оны тұтқындауға шешім шығарды.
2015 жылы 24 ақпан күні Рахат Әлиев түрмеде қайтыс болды. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, өзіне-өзі қол жұмсап өмірден өткен.
Дариға Назарбаева екеуінен үш бала бар: Нұрәлі Рахатұлы, Айсұлтан Рахатұлы (2020 жылы көз жұмды) және қызы – Венера Рахатқызы.