Bugin

Мәсімовтың жақтаушылары оның түрмеде азапталып жатқанын айтып шағымданды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмыс тобы ҰКҚ-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қорғау үшін Қазақстан үкіметіне үндеу жолдады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Кәрім Мәсімовтің қолдаушылары хабарлады.

- «Кәрім Мәсімов заңсыз қамауға алынғаннан бері алғаш рет төңірегіндегі мән-жайлардың құқықтық сараптамасы жарияланып отыр. Тергеу барысында жіберілген заң бұзушылықтар тіркелуде» - делінген хабарламада.

Олардың ақпаратына сәйкес, Мәсімовті түрмеде азаптау жүріп жатыр.

- «Жоғары санатты адвокаттардың жұмысы тек Кәрім Мәсімовті ғана емес, қаңтар оқиғасына байланысты заңсыз қылмыстық қудалауға ұшыраған Қазақстанның барлық азаматтарын босатуға көмектеседі деп сенеміз. Жазықсыз адамдар темір тордың ар жағында жатса, қаңтар трагедиясы жалғасуда.

Халықаралық нормалар мен Қазақстан заңнамасына сәйкес, қылмыстық қудалаудың барлық дәлелдемелері заң бұзушылықпен алынған болса, жарамсыз деп танылады. Іс «аса құпия» айдарымен заңсыз ұстау мен қамауға алу, адвокаттарды жібермеу, азаптау, жалған құжат жасау және жасырын соттар туралы болып отыр» - делінген хабарламада.