Bugin

Си Цзиньпин мен Байден әңгімесі: Екі ел қандай шешімге келді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ пен Қытай басшыларының бір жарым сағаттық бейнеқоңырау аяқталды. Джо Байден мен Си Цзиньпин Еуропадағы және әлемдегі қауіпсіздік мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы CNN сайтына сілтеме жасап.

Қытай басшысы америкалық әріптесіне қарым-қатынастардың текетіресі «ешкімнің мүддесіне сай келмейтінін» айтты.

- «Елдер арасындағы қарым-қатынастар әскери текетіреске ұласуы мүмкін емес. Қақтығыс пен текетірес ешкімді қызықтырмайды. Бейбітшілік пен қауіпсіздік - халықаралық қауымдастықтың ең қымбат қазынасы», - деді Си Цзиньпин.

Ол сондай-ақ АҚШ пен Қытай бейбітшілікті қамтамасыз етуге жауапты екенін айтты.

- «Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері және әлемнің ең ірі екі экономикасының өкілдері ретінде біз Қытай-АҚШ қарым-қатынасының дамуын дұрыс жолға қоюымыз керек. Сонымен қатар халықаралық міндеттемелерімізді орындап, әлемдік бейбітшілік пен тыныштық үшін күресуіміз қажет» – деді Қытай басшысы.

Си Цзиньпин «Украина дағдарысы біз қаламайтын нәрсе» деп баса айтты.