Министрлік ақпаратты түсіндірді: Қазақстан рубльмен есеп жүргізе ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

РФ экономикалық даму министрлігінің басшысы Максим Решетников ЕАЭО елдері өзара рубльмен есеп айырысуға көшеді деп мәлімдеме жасаған болатын. Бұл туралы министр Еуразиялық экономикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

«ЕАЭО өзара есеп айырысуды шетел валютасымен емес, рубльмен жүргізе бастайды, бұл Ресей үшін өте маңызды», – деді Решетников.

Министрдің айтуынша, бұл – бүгінгі күні Ресей үшін маңызды мәселелердің бірі.

«Басқаша айтқанда, әр елдің алатын баждары белгілі бір пропорцияда бөлінеді, олар одақтық келісімде бекітіледі және тиісінше бюджетке түседі», – деді ол.

Бұл мәлімдемеден кейін Azattyq Rýhy тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне осы мәселеге қатысты сұрақ қойды.

«Қазір бұл мәселе талқылану үстінде. Оның нақты қалай боларын Еуразиялық экономикалық комиссия шешеді. Бірақ қазір әр ел ұлттық валютада есеп жүргізуі тиімді екенін көріп отырмыз. Мысалы, Қазақстан теңгеде, ал Ресей өз рублімен есеп жүргізеді. Бұл экономикалық тұрғыда тиімді болады. Осы ретте, Максим Решетниковтың айтқаны экспорт пен импорт емес, одақ елдеріне бөлінетін баждарға ғана қатысты екенін еске салған жөн», – дейді министрлік.

Айта кетейік, бұл - әр ел ұлттық валютада есеп жүргізу бастамасы доллардан бас тарту мақсатында жүргізіліп отырған қадамның бірі болып шықты.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61