Bugin
Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сонымен қатар олар «Дикий» Арманның қандай баптар бойынша тергеліп жатқанын да айтты.
Ол атыс қаруын заңсыз иемденді, зорлық-зомбылықпен қатар жүретін қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілінді. Сонымен қатар «Дикий» Арман абайсызда өлімге әкеп соқтырған заңсыз бас бостандығынан айырды деп айыпталып отыр.
Айта кетейік, «Дикий» Арман мен ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы алты мүшесі 7 қаңтарда Алматы қонақүйлерінің бірінде ұсталған болатын.