Әлем

Байден Путинді өлім әкелетін диктатор деп санайтынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Джо Байден «Ирландия достарының» жыл сайынғы түскі асында ресейлік әріптесі Владимир Путинді «өлім әкелетін диктатор» және «таза бандит» деп атады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Байден кездесу барысында Путин туралы сөз қозғаған.

«Енді сіздерде Украина халқына азғын соғыс жүргізіп жатқан өлім әкелетін диктаторға, таза бандитке қарсы шығатын Ирландия мен Ұлыбритания бар. Қазір Ирландия мен АҚШ бірлесе жұмыс істеуде, өйткені Ирландия БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бөлігі болып саналады», - деді америкалық көшбасшы.

Айта кетейік, бұған дейін Байден Ресейдің Украинадағы іс-әрекетін айыптай отырып, Путинді «әскери қылмыскер» деп атаған еді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ президентінің мәлімдемесіне рұқсат етілмейтінін хабарлады.