Әлем

Латвия халқы 9 мамыр тойланбай қала ма деп алаңдаулы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Латвия Жеңіс күнін белгілі азаматтар арасында ережелерді сақтай отырып өткізбек, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Латвия биыл 9 мамырдың қандай болатынына алаңдап отыр. Осы орайда Сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич Жеңіс күнін тойлауға қатысты пікірін айтты.

«Бұл соңғы жылдардағы ең қиын 9 мамыр мерекелерінің бірі болмақ. Латвия - демократиялық және құқықтық мемлекет. Әрине, жергілікті билік бұл аспектілерді қарастырып, шешуге қадам жасайды. Дегенмен әрбір муниципалитет сот бақылауында және соңғы сөзді олар айтады. Осыны ескере отырып, бұл тек орыс тілділердің емес, бізге де берілген сынақ деп ойлаймын», - деді ВВ.LV СІМ басшысы.

Сонымен қатар биыл бұл мерекені тойлауға толық тыйым салу мәселесі де Латвияда көтеріліп үлгерді. Бірақ Ринкевич мұны пайдасыз деп есептейді.

«Бұл – тарихи мейрам. Біз соғыста қаза тапқан ата-бабамыздың рухына 8 мамырда гүл шоқтарын қойғанымызбен, халық бұл рәсімді 9 мамырда істейді. Бұл - ата-бабаларымызды, әкелерімізді, аналарымызды құрметтеу еді ғой. Егер халық мерекені тойлауды қаламаса, келісуге болады. Алайда осы арқылы Ресейдің Украинадағы агрессиясын тойлағысы келсе, өз империализмін көрсеткісі келсе, бұған жол бермеу керек», - деді министр.