Смайылов әкімдерге ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен кезекті кеңес өтті. Ол жерде елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын орындау бойынша мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Үкімет үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 8%-ға өсті. Бағаның өсуі барлық өңірлерде тіркелді.

Осы сәтте Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының айтарлықтай өсуіне жол берген бірқатар өңір әкімдеріне ескерту жасады.

«Облыста жыл басынан бері де, бір апта ішінде де барлық ӘМАТ бойынша бағаның өсуіне жол берілген. Бұл халыққа едәуір қиын. Біз Оралдағы көптеген дүкенді араладық. Қант бағасы бір жерде төмен, ал бір жерде жоғары. Мен адамдарды еліміздің барлық өңіріне арнайы жолдадым. Кейбір сауда орындарында баға 20 пайызға көтерілген. Үстеме бағаны бақылау керек, оны ешкім қадағаламай отыр», –  деді министр БҚО әкіміне.

Әлихан Смайылов қант бағасының өсуінің мысалында өңірде ӘМАТ бағасына бақылау, бөлшек сауда маржасының 15 пайыздан асып кетуіне жол бермеу мониторингі жүргізілмейтінін айтты. Сондай-ақ Ақтөбе облысының әкіміне ескерту жасалды, онда ел бойынша бағаның ең жоғары өсу көрсеткіштері тіркелді: картоп бойынша 32,8%, сәбіз бойынша 38,3%.

Премьер-министр тауарлар бағасын негізсіз көтеру фактісі бойынша 5 мың бұзушылық анықталғанын да жасырмады.

«Жалпы бұзушылықтар бар. Егер көтерме баға қымбаттаса, онда мәселе басқа. Бірақ көтерме баға өзгермесе және маржа 2 есе немесе одан да көп көтерілсе, онда біз бағаның негізсіз өскенін байқаймыз. Бұған жол беруге болмайды», — деді ол.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61