Қоғам
Кейінгі үш күнде enpf-otbasy.kz порталында зейнетақының артығын пайдалануға 157 мыңнан астам адамның өтінім жібергені белгілі болды. Бұл туралы Отбасы банк мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Банктің хабарлауынша, өтініштің көптігінен платформаның жұмысы нашарлаған. Банк зейнетақы жинақтарының артығын пайдаланғысы келетіндердің барлығы 1 сәуірге дейін үлгеруі үшін демалыс және мереке күндері де жұмыс істейтінін хабарлады.
«Қазақстандықтардың БЖЗҚ-дан сұрататын ең төменгі сомасы – 200 теңге. Өтініш бергендердің орташа жасы – 36-45 жас. Платформаны пайдаланушылардың басым бөлігі ер адамдар», - дейді Отбасы банкінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бір жыл ішінде барлығы 1,5 млн өтінім өңделген.