Әлем

24 ақпаннан бері Украинада 816 бейбіт тұрғын қаза тапқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинада 2022 жылдың 24 ақпанынан бері 816 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары кеңсесіне сілтеме жасап.

Басшылықтың айтуынша, 18 наурыз 00:00 жағдай бойынша мәліметтер жарияланған.

Қайтыс болған 816 адамның 152-сі ер адам болса, 116-сы әйел, 7-сі қыз және 16-сы ұл бала. Сонымен қатар жынысы әлі анықталмаған 36 бала мен 489 ересек адам бар.

Ал 1 333 адам жараланды. Олардың арасында 133 ер адам, 104 әйел, 17 қыз және 7 ұл бала бар.

Украина билігінің бақылауындағы Донецк және Луганск облыстары аумақтарында 172 адам қаза тауып, 503 адам жарақат алған.

Ал өзін-өзі жариялаған республикалардың бақылауындағы аумақта 50 адам қаза тауып, 178 адам жараланған.

Украинаның басқа аймақтарында (Киев, Черкассы, Чернигов, Харьков, Херсон, Киев, Николаев, Одесса, Сумы, Запорожье, Днепропетровск және Житомир облыстары) 594 адам қаза тауып, 652 адам жарақат алған.

«Тіркелген бейбіт тұрғындар құрбандарының көпшілігі ауыр артиллерия мен бірнеше зымыран жүйелерінен атқылау, зымырандық және әуе соққыларын қоса алғанда, жойылу аймағы үлкен жарылғыш қару қолдану салдарынан болды», - делінген  хабарламада.

Дегенмен басқарма нақты сандар әлдеқайда жоғары деп есептейді.