Bugin

Украинадағы соғыс: Жапония Үндістанға қатаң талап қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жапон билігі Үндістан үкіметінен Украинадағы соғысқа қатысты өзінің тұрақты ойын білдіргенін, қай тарапты жақтайтынын анық айтуын талап етті. Бұл жайлы Reuters хабарлады.

Басылымның жазуынша, Жапонияның премьер-министрі Фумио Кисида үнді әріптесі Нарендра Модимен кездескен. Әрі кездесуде жапон тарабы Ресейдің Украинаға басып кіріп, әскери операция жүргізуін "басқыншылық" деп атап, агрессор-елдің "халықаралық құқықты өрескел бұзып отыр" деп мәлімдеді.

Ал Моди болса, бұл соғысқа қатысты тікелей пікір білдіруден тартынса керек. "Бұл жағдай геосаяси алаңда жаңа проблеманың тууына әкеледі" деп қана пікір білдірген.

Үндістан премьерінің бұлай пікір білдіруі жапон билігіне аса ұнамаған сыңайлы.

"Біз (Кисида иен Моди – ред.) бір елдің басқа бір елге басып кіруі халықаралық бейбіт келісімнің бәрін жоққа шығарумен тең екенін білеміз. Бұған кешірім болмауы тиіс", - деп атап өтті Кисида.

Айта кетейік, Үндістан мен Жапония Қауіпсіздік жөніндегі төрт тарапты диалогының (QUAD) мүшесі. Бұл диалогқа тағы екі мемлекет – АҚШ пен Австралия енеді. Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

АҚШ пен Жапония, Австралия да Ресейдің соғыс бастауын қатты айыптаған. Тек Үндістан ғана қалыс қалып отыр. БҰҰ Бас Ассамблеясында Ресейге қарсы дауыс беруден қалыс қалған еді.

Үндістанның бұлай қалыс қалуының негізгі себебі – Ресейден қару-жарақ пен электр қуатын сатып алып отырғаны болса керек.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61