Bugin

Соғыстың себебінен Ресей мен Қытайдың қатынасы қиындап кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей мен Қытайдың арасында сауда-саттық қиындап кеткен. Оған себеп – Украинадағы басқыншылық соғыс. Санкциядан қорыққан қытай кәсіпкерлері Ресей өнімдерін сатып алуды азайтты. Бұл жайлы Bloomberg жазды.

Басылымның жазуынша, Қытай көршісі – Ресейден ауыл шаруашылық өнімдері, металл мен энергетикалық ресурстар сатып алады. Алайда соғыс басталғаннан бері қытай кәсіпкерлері мен кредиторлары орыстардан көмір, мұнай шикізатын, табиғи газ сынды энергоресурстарды сатып алу әжептәуір азайтқан.

Қытайдың банк жүйесі Ресеймен экспорт жасауға, қаржылық операцияларды жүзеге асыруға жасқанып отыр.

"Қытайдың кез келген фирмасына шетелден шикізат пен зат сатып алғанға қарағанда АҚШ-тың қаржылық жүйесінде қалып жұмыс істеген әлдеқайда пайдалы әрі маңызды", - деп жазылған Capital Economics консалтинг компаниясының есебінде.

Ал Қытай билігі өз кезегінде Ресеймен байласын кеңейтсе, санкция саламын деп қорқытып отырған АҚШ-қа ашулы.

"АҚШ-тың бір тараптан санкция салуы дұрыс емес. Қытайдың кіммен байланыс орнатып, кіммен сауда-саттық жасауы өз еркінде", - деген еді Қытайдың Сыртқы істер министрлігі.