Bugin

Түркіменнің жас президенті қызметке кірісіп, үкіметті таратты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркіменстанның енді сайланған президенті Сердар Бердімұхамедов бұрынғы министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы қаулыға қол қойды. Бұл жайлы үкімет газеті жазды.

Бүгін Түркіменстанда жаңа президенттің ұлықтау салтанаты өтті. Шараға ел Парламентінің қос палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, әскери және құқық қорғау ведомстволарының, Орталық сайлау комиссиясы мен қоғам өкілдері және өзге де шақырылғандар қатысты. Президенттің қатысуымен әскер шеру өтті.

Кейін "Оғызхан" сарайына барып, қызметіне кірісті.

"Түркіменстан Конституциясына сәйкес Мемлекет басшысы Министрлер Кабинетінің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз міндеттерін орындауды жалғастыруды бұйыра отырып, Үкімет мүшелерінің өкілеттігін толық құрамда тоқтату туралы Қаулыға қол қойды", - деп атап өтті басылым.

Айта кетейік, Түркіменстанда 12 наурыз күні президент сайлауы өтіп, 72,97%-бен Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті.