Bugin
20 наурыз күні Петропавлдағы ЖЭО-2-де бірінші түтін құбырының ішінара құлауы орын алды.
Аталған факт бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің мамандары оқиға орнына барып, кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағының шекарасында аспаптық өлшеулер жүргізді. Нәтижеге сәйкес атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың асып кету тіркелген жоқ.
Сондай-ақ, "Қазгидромет" РМК посттарында асып кетулер анықталған жоқ.
Мониторингтік бақылау жұмыстары жалғасады.