Bugin

ЕО мен АҚШ ресейлік мұнайдан бас тарту мүмкіндігін қарастырмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуропалық Одақ дүйсенбіде Сыртқы істер министрлері деңгейінде Санкциялар режимін талқылауды жалғастырады. Бейсенбіде АҚШ президенті Джо Байден Брюссельге келеді деп күтілуде. «Үлкен жетілік» саммитіне Жапония да қатысады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Интерфаксқа сілтеме жасап.

Дереккөздердің хабарлауынша, ЕО қазірдің өзінде Одақ елдерінің ресейлік мұнай импортына эмбарго салуды қамтуы мүмкін санкциялардың бесінші пакетін әзірлеуде. Бұған дейін мұндай шешімді АҚШ пен Ұлыбритания қабылдаған болатын.

Сонымен бірге, мұнай эмбаргосы мәселесі бойынша елдердің позициялары екіге бөлінді. Ресей энерготасымалдаушыларына тәуелді Германия басқа елдерге қарағанда көбірек қарсы. Германия Ресей мұнайдан бас тартуға жауап ретінде газ жеткізуді тоқтатуы мүмкін деп қорқады.

Сонымен бірге, Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейге қарсы санкцияларды қатаңдату мәселелерінде шектеулер болмауы керек деп санайды.

- «Бұл санкциялар Ресейді жағдайды жаңа бағалауға итермелеу үшін жасалған», - деді Франция президентінің баспасөз хатшысы.

Ол: «Ресеймен сауда жасайтын елдердің арасында мұнай мен газ мәселесіне аса сезімталдықпен қарайтындар бар» - деді.

Дереккөздер ЕО-ның барлық санкциялық шешімдері консенсусты қажет ететінін атап өтеді. Бұл ретте олар қазір ЕО-ға төрағалық ететін Францияның ұстанымы шешуші болатынын жоққа шығармайды.