Зеленский: «Мен соңғы екі жыл бойы дайындалдым»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский Қырым, Донецк және Луганск облыстарынан бас тартпайтынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы CNN арнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Украина тәуелсіз мемлекет ретінде қабылдай алмайтын ымыралар бар.

- «Біздің аумақтық тұтастығымыз бен егемендігімізге қатысты ымыраға келуге болмайды. Бұл туралы украин халқы айтты. Олар ресейлік сарбаздарды гүл шоғымен емес ерлікпен қарсы алды. Қолдарына қару ұстады», - деді Зеленский.

Зеленский Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен тікелей келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Алайда, әңгіме нашар болса, бұл үшінші дүниежүзілік соғыстың басы болуы мүмкін екенін айтты.

- «Мен келіссөздер жүргізуге дайынмын. Мен соңғы екі жыл бойы дайындалдым. Келіссөздерсіз біз бұл соғысты аяқтай алмаймыз», - деді Зеленский.

Мемлекет басшысы Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер жалғасатынын, өйткені бұл бейбіт тұрғындардың өлімін тоқтатуға мүмкіндік беретінін айтты.

- «Бұл диалог үстірт және ол ештеңе шешпейді деп ойлайтын адамдардың бәрі мұның өте құнды келіссөз болатынын түсінбейді. Мен бұл келіссөздердің нәтижелері қалай боларын білмеймін, бірақ біз күнсанап жазықсыз адамдардан айырылып жатырмыз. Орыс әскерлері бізді қыруға, өлтіруге келді. Ал біз өз халқымыз бен армиямыздың қадір-қасиетін көрсеттік. Біз кері соққы беруді білеміз», - деп жауап берді Зеленский.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61