Ресейлік әнші шеруде айтқан әніне Қазақстанды да қосып айтты (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәскеуде Қырым мен Ресейдің қосылғанына 8 жыл толуына орай концерт өтті. Алайда, ұйымдастырылған шара барысында ресей әншісі Олег Газмановтың «Это – моя страна» әніндегі Қазақстан жайлы айтылған жолдар, қазақ белсенділерінің алаңдаушылығын тудыруда. Мұны қоғам қайраткері Мұрат Әбеновтың Facebook парақшасындағы жазбасынан аңғаруға болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

— «Казахстан наш» дей ме?

Мәскеуде Қырымның Ресеймен қосылғанына 8 жыл толуына орай шеру-концерті өтті. Дәл осы шара арқылы үлкен аудиторияға Ресейдің басты мақсатын сіңіру көзделгені көрінеді. Әрине, бұған қарап қазіргі көліктеріне саяси белгі жабыстырғандардың да қайда қарап ой түзейтінін айқын аңғарамыз. Әннің қай кезде, қалай жазылғаны маңызды емес. Маңыздысы дәл қазіргідей екі ел арасындағы шиеленістің ушыққан уақытында қолданылуы ғой. Тіпті осы Газмановтың Ресей жеңісінен кейін Киев төрінде шығармашылық жеке концертін береді деген мемдер де тарап жатыр», — деп жазды ол.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61