Bugin

Зеленский Германияға үлкен өтініш жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский Германия мен бүкіл Еуропа азаматтарын ресейлік әскери техникаға демеушілік жасамауға шақырды. Бұл туралы оның Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Немістер, сіздерде күш бар. Еуропаның күші бар. Кез келген зымыраннан да, танктен де күшті. Сізбен сауда-саттықсыз, компанияларыңызсыз және банктеріңізсіз Ресейде бұл соғысқа ақша болмайды. Сондықтан бейбітшілік пен тыныштық болсын. мүмкіндігінше тезірек», - деді Зеленский.

Сондай-ақ, ол, барлығы Украинаға қолдау көрсеткенін баса айтты. Өйткені бүкіл әлемнің тіршілігі «сосы соғысқа байланысты» - деді ол.

- «Германия, сізден Ресейдің соғыс машинасына демеушілік жасамауларыңызды өтінемін. Олар үшін барлық порттарыңызды жабыңыз, тауар жеткізбеңіз, ресейлік энергетикалық ресурстардан бас тартыңыз. Ресейге Украинадан кетуіне қысым жасаңыз. Мен бейбітшілік орнайтынына сенемін. Бірақ бейбітшілікке қол жеткізу үшін әрекет ету керек. Германиядағы барлығы, Еуропадағы бәрі», - деді Зеленский.