Bugin
Еурокомиссия Украинаның ЕО мүшелігіне үміткер мәртебесін алу өтінішін мүмкіндігінше тезірек дайындауға уәде берді. Бұл туралы Еуропаның кеңею және көршілестік жөніндегі комиссары Оливер Варгеи мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Европейская правда" сайтына сілтеме жасап.
- «ЕО Украина мен оның халқына қолдау көрсетуді жалғастыруда. Ал біз Украинаның мүшелік өтінішіне қорытынды жауап беру жұмысын бастадық. Біз мүмкіндігінше тезірек жұмыс істейміз», - деп жазды Варгей.