Hi-Tech

Заманның жарасы – желі әлемі

Әлеуметтік желі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біз XXI ғасыр тұрғындарымыз. Адам дәрежесі артқан, технология дамыған заманның беделі асқақтап тұр. Ия, бүгінде сымсыз тіршілік көзсіз, яки құлақсыз қалғанмен тең. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызып отырған сым тетіктердің дәурені жүріп тұр десек те болады. Телефонның пайдаға асырылып жатқанына талай ғасыр өтті. Алайда, абыройы ақсайын демейді. Соңғы жылдары, қарапайым тұрмыс кешіп жүрген қоғамдағылар сым тетікті пайдалануға үдере көшті. Телефонды адам бұғаттауы тиіс еді, керісінше ат тізгінін көк экран «иесіне» ұстатып қойған секілдіміз.

Қараңғы қазақ көгіне күн болып келген тілсіз сым тетіктерін ел пайдаланғаны тиіс те шығар. Бұл- заман талабы. Өзге елдегі жаңалықтар, өз еліміздегі өзекті мәселелер айрықша қозғалатын желі әлемі де жанданып, жайнап тұр.

Қазірде телефонды алты жастағы баладан, алпыс жастағы ақсақалға дейін меңгерген. Мұны көзі ашылған, заманмен санасқан адамзаттар деп санасақ болады. «ВКонтакте», « Инсаграм», «WhatsApp» желілері «сен тұр, мен атайын» деп текетіресіп, үзеңгілесіп келеді. Қоғамда орындары айрықша болған бұл желі әлемдері дау –дамайдың, у-шудың шығуына себепші дерсіз.Түп аталары «интернет» екендігін де білеміз. Жеке әлем құрып алған жастармен де санасар болсақ, бәріне кінәлі айналып келгенде, ат қазығын тапқан «интернет» болып шықпасы бар ма?! Біз қанша жерден желінің жақсы жағын айумен болайық, алайда, жыртықты бітегенмен көзге сұрықсыз көрінеді де тұрады. Сол сияқты, пайдасы алуан түрлі «интернеттің» де сан мың кері тұстары бар. Қоғамдағы өзекті мәселенің алғышарты -кітап оқудан қалдық. Барша кітап мазмұны сол баяғы көз үйренген интернетте бар. Келесі , ғұламалар алтыннан артық көрген уақыттарын балалары қоқысқа да тең көрмей жүр. Күндерінің тең бөлігі көк экранға телмірумен өтіп жатыр. Сонымен қатар, салафизмді таратқан сақалдылардың қармағына ілініп қалған жоқпыз ба?! Аңғарсам, «бәрі иман, бәрі молда». Тек желі әлемінде. Шынайы өмір шыншыл келеді ғой не дегенмен. Бәрінен де бұрын осы тақырыпқа шошынамын. «Интернет» арқылы қандай дін үйреніп жүр? Дінді мешіттен, молдалардан үйренбейді ме? Желіден ілім үйренген қандай діндар шығып жатқаны белгісіз...

Интернетсіз өмірдің итке де құны жоқ болып қалған заманда өз іс-әрекетімізге жауапкершілік танытайық! Қолға -байлау, аяққа- тұсау, миға-у болған көк экраннан сәт сайын алыстап тұрайық! Себебі, денсаулық-баға жетпес байлық!