Әлем

Финляндияда ресейлік бизнесмендердің 21 яхтасы ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Финляндия кедені ресейлік кәсіпкерлерге немесе олармен байланысы бар компанияларға тиесілі болуы мүмкін 21 яхтаны ұстады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Helsingin Sanomat басылымына сілтеме жасап.

Егер Финляндия билігі яхталардың Украинадағы соғысқа байланысты Еуроодақ санкциялары бойынша ресейліктерге тиесілі екенін растайтын болса, мүлікке тыйым салу мәселесі көтеріледі.

Сондай-ақ Reuters агенттігінің хабарлауынша, Гибралтарда ресейлік миллиардер, ТМК басшысы Дмитрий Пумпянскийге тиесілі делінетін Axiom яхтасы ұсталды.

Бұған дейін БАҚ-та ресейлік бизнесмендер мен шенеуніктерге тиесілі люкс яхталардың шетелде ұсталғаны туралы ақпарат бірнеше рет пайда болған. Сонымен, Финляндияда Ресей Федерациясының бұрынғы премьер-министрі Дмитрий Медведев пайдаланған «Фотиния» яхтасының ұсталғаны туралы хабарланды. Испания мен Францияда «Роснефть» басшысы Игорь Сечинге қатысы бар Crescent және Amore Vero яхталары ұсталды. Германияда миллиардер Әлішер Усмановтың «Дилбар» яхтасы, Италияда миллиардер Андрей Мельниченконың «А» яхтасы ұсталды.