Bugin
Ресейдің АҚШ банктерінде $132 млрд алтын қоры бар. Енді Америка билігі бұл қорды бұғаттап тастамақ. Сол үшін заң жобасын дайындап жатыр. Бұл жайлы Интерфакс-Украина жазды.
Заң жобасында Ресейдің Орталық банкіне тиесілі алтын қорымен кез келген қаржылық операцияны жүзеге асырған ұйымдарға санкция салу көзделген. Сондай-ақ алтынды Ресей ұйымдары мен жеке тұлғаларына сатуға толық тыйым салынады.
Заң жобасын ұсынып жатқан – АҚШ-тың қаржы министрлігі мен Конгрестің сенат палатасы. Сенаторлардың айтуынша, заң жобасы осы аптада қабылдануы мүмкін.
Бұған дейін Конгрестің төменгі палатасы да осыған ұқсас екі заң жобасын ұсынған.
Ал АҚШ президенті Джо Байден Конгрестің шешімін күтпей-ақ Ресейге қарсы санкция салған еді. Олардың арасында Ресей Орталық банкіне тиесі алтын қорын бұғаттау санкциясы да бар.
Айта кетейік, Ресейдің қазіргі уақытта $643 млрд-қа тең алтын және валюта қоры бар. Оның $240-250 млрд қоры Еуропа елдерінде сақтаулы тұрса, $132 млрд қоры АҚШ-та тұр. Қалғаны Ресейдің өзінде және Қытайда жасырулы тұрған көрінеді.