Bugin
Мәскеудің ядролық бомбаны қолданамыз дегені – қауіпті риторика. Ондай сөзді оңды-солды айтуға болмайды. Осылай дейді Пентагонның ресми өкілі. Бұл жайлы Европейская правда басылымы.
"Ядролық қаруы бар мемлекеттің оны қолданамын деп қоқан-лоққы жасауы – мәдениетті, есі дұрыс адамның ісі емес. Әзірше, Мәскеу тарапынан ядролық қару қолданатындай қауіп жоқ. Біз ядролық қаруды ұстап тұру стратегиясынан бас тартпаймыз. Бәрі бақылауда, қауіп төнген емес", - деп жауап берді Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби.
Айта кетейік, бұған дейін РФ президенті В.Путин егер батыс күштері Украинаға "тірлікке араласса", ядролық қаруды қолданамыз деген сыңайда бірнеше рет ескерту айтқан еді.
Сондай-ақ Путиннің баспасөз хатшысы Д.Песков та "Ресей Украинаға қарсы әскери операция бастағанымен, әлі бір-біре мақсатына қол жеткізе алмады" деп, ядролық қаруды қолдану мүмкін екенін ескертті.
"Егер елге қауіп төнсе, онда біз қолдануға әзірміз", - деген еді Песков.