Bugin
InDriver халықаралық жолаушылар тасымалы сервисінде жұмыс істейтін қызметкерлердің негізгі бөлігі Қазақстанға көшіп келмек. Бұл жайлы Chocofamily Holdin-тің негізін салушы әрі иесі Рамиль Мухоряпов хабарлады.
Мұны InDriver-дің басшысы Арсен Томский де мақұлдады.
"Арсен Томскиймен кездестік. Ол команданың негізгі (шешуші) бөлігін Қазақстанға көшуін растады. Бұл біздің еліміз үшін керемет жаңалық! Қонақтарды Алматыда қуанышпен күтіп алуымыз керек. Олар – Ресейдегі мықты адамдар. Енді олар Қазақстанда тұрып, осында салық төлейді, қаржы жұмсайды. Қазақстан тұрғындарына технологияны үйретеді", - деп жазды Рамиль Мухоряпов әлеуметтік желіде.