Ұлыбритания Украинаға жаңа үлкен қолдау пакетін дайындады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Британ премьер-министрі Борис Джонсон Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының (НАТО) бейресми саммитінде және Брюссельде өтетін G7 көшбасшыларының кездесуінде Украинаға үлкен жаңа қолдау пакеті жарияланатынын мәлімдеді. Бұл туралы Ұлыбритания үкіметінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Джонсон НАТО және G7 елдері басшыларының кездесуінде украиндықтарды әскери құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы ұсыныс айтатынын хабарлады.

Бұл ретте Ұлыбритания қорғаныс үшін 6 мың жаңа зымыран береді. Оның ішінде танкке қарсы және басқа да жарылғыш қарулар, сондай-ақ Украина қарулы күштеріне 25 миллион фунт стерлинг қаржылай қолдау көрсетіледі. Ұлыбритания үкіметі гуманитарлық және экономикалық көмек көрсетуде уәде еткен 400 миллион фунт стерлингтің үстіне 10 000-нан астам зымыран мен британдық қорғаныс көмегін қоса береді.

Брюссельдегі кездесулерде көшбасшылар Украинаға ұзақ мерзімді әскери, дипломатиялық және гуманитарлық қолдау көрсету және Ресейге қарсы шараларды күшейту мәселелерін талқылайды деп күтілуде.

Джонсон халықаралық қауымдастықты Украинамен жолдас болып, тиранияға қарсы тұруға шақырмақ.

- «Толық ауқымды соғыс басталғаннан бір ай өткен соң, халықаралық қоғамдастық таңдау алдында тұр. Біз Украинада бостандық отын жандырамыз әйтпесе оның сөніп қалу қаупі бар», - деді Борис Джонсон. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61