Bugin
Ресейлік гимнаст Алина Кабаеваның құрбылары одан Ресей президенті Владимир Путинді Украинаға қарсы соғысты тоқтатуға көндіруді өтініп жатыр. Олар спортшының Путимен тығыз байланыста екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Олардың айтуыншы, Алина қазіргі таңда Швейцарияда тұрады. Ол жақында Мәскеуге келіп, соғысқа қарсылығын білдірмесе, депортациялануы мүмкін.
- «Алинаның құрбылары одан Путинге ұшып барып, соғысты дереу тоқтатуға көндіруді өтінуде. Ол ешкімді тыңдамайтын сияқты, бірақ оны тыңдайтын шығар» - деп жазады Page Six басылымы.