Bugin

Ақтауда суға батып бара жатқан қызды құтқарған азамат марапатталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтау қалалық ІІБ бастығы Мадияр Омаров теңізге батып кете жаздаған 30 жастағы әйелді құтқарған Замир Мұсаевты марапаттады. Батырға алғыс хат пен сыйлық табыс етілді.

Өз кезегінде Замир Мұсаев полиция қызметкерінің әйелдің өмірін сақтап қалудағы батыл әрекетін ерекше атап өтті. Алғашында Маңғыстау облысының полиция департаменті теңізге батып бара жатқан әйелді Ақтау полицейлері құтқарып қалғанын хабарлады.

Ведомствоның ресми баспасөз хабарламасында «патрульдік полиция инспекторы Ержан Көкенов киімін шешіп, дереу жәбірленушіні судан шығаруға асықты» делінген. Алайда кейінірек әлеуметтік желідегі жауаптардың арқасында оқиға кезінде отбасымен бірге қыдырып жүрген Ақтау қаласының тұрғыны Замир Мұсаев бірінші болып көмектескені белгілі болды. Алайда полиция бұл фактіні БАҚ-қа жолдаған хабарламасында белгісіз себептермен көрсетпеген.