Bugin

БҰҰ-дағы Ресей өкілі: «Путин ядролық түймені басуға дайын»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі туралы ашық айтты. Мұндай сценарийге дайындығын Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Дмитрий Полянский растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sky News басылымына сілтеме жасап.

Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің бірінші орынбасары шетелдік журналистермен сөйлесіп,ядролық қарудың қауіп-қатері туралы айтты. Ол егер «НАТО арандатса» Мәскеу мұндай қаруды қолдану құқығын сақтайды деп жауап берді.

Полянский: «Егер Ресейді НАТО арандатып жатса, Ресейге НАТО шабуыл жасаса, неге жасамасқа? Біз ядролық державамыз», - деді Полянский.

- «Сіз Ресейді қорқытып, соғысқа араласуға тырыспаңыз. Ядролық державаға қарсы шыққанда, әрине, барлық ықтимал салдарды есептеу керек», - деді ол.