Bugin
Ресей Украина территориясына басып кіргеннен бері бір айдың ішінде 15 800 жауынгерінен айырылды. Бұл жайлы Украина Қарулы күштерінің Бас штабы хабарлады.
Басқыншылардың осы күнге дейін 3500 әскери техникасы күл талқан болған: 530 танкі, 1600-ге жуық брондалған көлік, 280 дана артиллериялық жүйе, 47 ПВО жүйесі, 108 ұшақ пен 124 тікұшақ, 1033 көлік техникасы, 16 арнайы техника, т.б.
Бұл соңғы нақты мәліметтер емес. Әлі толықтырылып, нақтыланып жатыр.
Ал Ресей тарабы әзірше соғысқа қанша жауынгерінің қаза тапқанын нақты айтпады. Сондай-ақ қанша украин жауынгерлерін мерт қылғанын да айтқан жоқ.