Bugin
Ұлыбритания билігі Украинаға әскери көмек беру үшін 6 мың зымыран мен 30 млн еуро көлемінде қаржы бермек. Бұл жайлы Ұлыбританияның үкіметі хабарлады.
«Осыны қосқанда, Ұлыбритания Украинаға басқыншылардан қорғануы үшін 10 мың зымыран бермек. Ал қаржылай көмектің сомасы гуманитарлық және экономикалық қолдауды қосқанда 400 млн фунт стерлингке жетіп қалды», - деді Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон НАТО басшылармен кездесуде.
Оның айтуынша, Ұлыбритания сондай-ақ Ресей таратып жатқан дезинформациямен күресу үшін ВВС қызметіне 4,1 млн фунт стерлинг бөлді. Сондай-ақ Ресейдің әскери қылмысын дәлелдеу үшін де тергеу жұмыстарының шығынын өз мойнына алмақ.