Редактор бағаны
Қаламгер Мұхтар Әуезов туралы бірер сөз...
Қайшылыққа толы қоғамда идеялық мазмұны терең, көркемдік қасиеті көзтартарлық туындылары талайды тамсандырып та үлгерген. Тағылым алуға тұрарлық, тәрбиелік мәні жоғары тың туындылары қашан да қай уақытта да болмасын өз оқырманын таба білді. Түрлі тақырыпты тарқата отырып, теңдесі жоқ туындыларды дүниеге келтірді. Шоқтығы биік шығармалары бүгінде әдеби мұраларымыздың арасындағы гауһартас іспетті.
«Абай жолы» романымен ұлы ақынның тағдырын әлемге таныстырамын деп өзі де әйгілі болды. Жазушының шығармашылық шабыты дейміз бе, әлде, халқына, ұлтына деген жанашырлық па, әсте екі жағдайда себеп болғандықтан болар, одан кейін де «Қараш-қараш оқиғасы», «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу» секілді әңгімелері арқылы қалың көпшіліктің үнімен үндесіп, өз дәуірінің тыныс-тіршілішін толықтай жекізе білді десек те болады. Кейіпкерлерді дөп түсіп таңдау мен олардың өмірін суреттеу арқылы қазақ халқының қанындағы тазалық пен адамгершілікті көре де білді, дұрыс жолды көрсете де. Бұл- Әуезовтың әлемі...