Bugin

АҚШ Ресейдің ядролық бомба қолдануына дайындалып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақ үй басшылығы ұлттық қауіпсіздікке жауап беретін шенеуніктер командасын жинап, РФ президенті В.Путин химиялық, биологиялық және ядролық қаруды қолданған жағдайда қандай стратегиялық қорғаныс жасарын жоспарлады. Бұл жайлы The New York Times жазды.

Басылымның жазуынша, АҚШ та Ресей соғыс бастағаннан бері қызу әскери және қорғаныс дайындығын күшейткен. 28 ақпаннан бері "жолбарыс командасы" үзбей дайындық жасап жатыр. Бұлар – жау әскері қауіпті қару түрін қолданған сәтте іске көшетін стратегиялық команда.

Сондай-ақ АҚШ әскері Ресей НАТО аймағына басып кірсе, қалай жауға қарсы тұрарын да пысықтап қойған көрінеді.

"Шенеуніктер Ресейдің Молдава мен Грузияға басып кіруге ниетті ме әлде жоқ па – оны да бақылап отыр. Әзірше ондай қауіп жоқ", - деп жазады басылым.

"АҚШ президенті Джо Байден украина территориясында соғысуды мүлде қаламайды. Тіпті, соғыс туралы айтқысы келмейді де. Мұның арты Ресеймен тікелей конфронтацияға алып келеді деп қауіптенеді", - деп жазады басылым.

Америка шенеуніктерінің айтуынша, Путиннің ядролық бомбаны жаруы екіталай. Бірақ Ресейдің қайта-қайта ядролық қару жайлы айта беруі – жақсы емес.

"Сондықтан Вашингтон жоғары әскери дайындықта болуға мәжбүр", - деп түсініктеме берген шенеуніктер.

Бұған дейін Пентагон Ресейдің ядролық қаруды қолданамын деп қайта-қайта қоқан-лоққы жасауы мәдениетті, есі дұрыс адамның ісі емес деп мәлімдеген еді. 

Ресейде қанша ядролық бомба бар әрі оның қаупі қаншалық?