Спорт
Ирландиялық UFC файтері Конор Макгрегор Дублинде жол қозғалысы ережесін бұзып, көлікті қауіпті жүргізгені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Макгрегор жаттығу залына келе жатқан кезде оны Ирландия полициясы жол ережесін бұзды деген күдікпен тоқтатқан. Ол есірткі мен алкогольге қатысты сынақтан өтті», - деді спортшының өкілі.
Irish Independent газетінің хабарлауынша, Макгрегордың шамамен 170 мың еуро тұратын Bentley автокөлігі қамауға алынғаннан кейін тәркіленген. Алайда кейін оған қайтарылған. Спортшыға айып тағылған және ол кепілмен босатылған. Ақпаратқа сәйкес бұл іс бойынша сот келесі айда өтеді.
Еске салайық, спортшыны қауіпті көлік жүргізгені үшін 5 мың еуро айыппұл төлеу немесе алты айға бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.